Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Defense Tech хакатоны өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Іс-шара қорғаныс саласына заманауи технология енгізуге бағытталған. Оған Астана мен елдің бірнеше өңірінен IT-маман, студент, ғалым қатысып өз жобасын ұсынды. Арасында жасанды интеллект, робототехникаға байланысты ерекше жобалар да бар. Қорғаныс министрлігі мұндай іс-шараны жиі өткізуді қолға алған. Бұл жолғы жүлде қоры 5 миллион теңге. Ұтысты әскери салада қызмет еткісі келетіндер үшін сайт құрған астаналық команда алып кетті.
Сұлтанәлі Әбілмажін, жеңімпаз
- Біз әскери салаға өтініш бергісі келетін азаматтар үшін сайт құрдық. Ол өте ыңғайлы. Онда мерзімді және келісімшарт негізінде қызмет ету үшін қажетті ақпарат алып қана қоймай, тіпті әскери комиссариаттың өкілімен де байланыса алады. Алдағы уақытта қосымшасын дайындаймыз.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
-Қазіргі берілген қаражат прототиптен дайын шешімге жету, дайын продуктқа жету. Одан кейін ол шешімдерді қорғаныс саласына енгізу. Қай жерін дұрыстау керек, қай жерін жетілдіру керек екенін айтамыз. Одан кейін күрделі контракттарға да жетуі әлі де мүмкін.