Қазақстанның барлық өңірінен келген 100 қыз-жігіт екі күн бойы табандылығы мен батылдығы арқылы Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп, күш-жігерін, ептілігі мен тапқырлығын сынады. Жоғары сынып оқушылары оқ атудан, ұлттық спорт түрлері, эстафета мен кедергілер жолында сынға түсіп, әскери-тарихи сұрақтарға жауап берді.
Нұрбибі Таңатар, қатысушы:
-Менің ойымша, әр мектептен қатысып тұру керек оқушылар. Себебі мектеп кезінен бастап оқушылардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятатын жақсы жоба. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Сондықтан қорықпай, жаңа қырларын көру үшін қатысуға болады деп ойлаймын.