Е. Қошанов Жеңістің 80 жылдығына арналған шараға қатысты

  • 21
  • 06.05.2025, 18:33

Мәжіліс Төрағасы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресей елшілігі ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Кездесу қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Ерлан Қошанов қазақстандықтардың нацизмді жеңудегі елеулі үлесін ерекше атап өтті. Сұрапыл жылдары елдің әрбір төртінші тұрғыны майданға аттанды. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры атанды. Мәскеу мен Ленинград түбіндегі шайқастарда, Брест қамалын қорғауда, Курск доғасында, Ржев пен Сталинград майдандарында шайқасқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикадағы 500-ден астам көшеге соғыс ардагерлерінің есімі беріледі. Жеңістің мерейтойын атап өту ауқымды әскери парадта жалғасын табады, - деді Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов, ҚР Мәжілісінің Төрағасы:  

- Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Жеңістің 80 жылдығының біздің елдеріміз үшін тарихи маңызын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл бәріміз үшін қастерлі, тарихи тамыры тереңде жатқан айтулы күн. Себебі осынау сұрапыл жылдары әкелеріміз бен аталарымыз ортақ мақсат Жеңіс үшін батылдық пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті. Шынымен, соғыстың салқын лебі әр қазақстандық шаңыраққа әсер етті.