Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді

  • 28
  • 06.05.2025, 18:38

Еліміздің су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді. Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар мекемесін барлығы 757 бірлік техникамен жабдықтауды көздеп отыр. Қазір 636 техниканы жеткізу жайлы келісімшарттар жасалды. Техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушар» кәсіпорнының 17 филиалына жеткізіледі. Ал соңғы техникаларды алу бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.

Аңсаған Ермек, ҚР СРИМ Қоғаммен байланыс басқармасының сарапшысы: 

- Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады.