Мемлекеттік органдардың жұмысы цифрлы бейнемен бақыланады

  • 22
  • 06.05.2025, 18:40

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен тиімділігі енді цифрлы бейін арқылы қадағаланады. Қаржы министрлігінің «е-Минфин» ақпараттық жүйесінде «цифрлық бейне» деп аталатын жаңа модуль  іске қосылады. Бұл еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалайтын тың құрал болмақ, - дейді министрлік өкілдері.

Цифрлы бейін – цифрлы даму деңгейін және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін көрсететін өзекті деректердің жиынтығы.Мұнда ведомстваның даму стратегиялары, бюджетті жоспарлау мен орындауы, мемлекеттік сатып алулар туралы тың ақпарат болмақ.

Владлен Балан, «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары:

- Цифрлы бейне әр облыстың, әрбір әкімшіліктің барлық проблемалық секторларын анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Тиісінше, бюджет қаражаты да тиімді бөлінетін болады. Мысалы, жыл сайын ақша бөлініп, тиімсіз пайдаланылып жатқан жол учаскелерін жөндеу емес, сұранысқа ие болатын учаскелерді нақты жөндеу. Басқа салаларда да солай. Бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімділігі қадағаланады. Бағдарламалардың тиімділігі анықталмаса, шығындарды қайта қарау немесе оңтайландыру қажет.