Алматы әуежайына 362 млн доллар инвестиция тартылады

  • 24
  • 06.05.2025, 18:43

Жазда қажеттілікті қамту үшін 11 бағытқа бойынша теміржол тасымалы ұйымдастырылады. Оның аясында 270 мың қосымша жолаушы орны болмақ. Нәтижесінде, Алакөл туристік аумағына бару мүмкіндігі де артады.

Сондай-ақ сұранысқа ие басқа да бағыттар бойынша пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі. Бұдан өзге, Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылатын болды.

Бұл туралы әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады. Тартылатын инвестиция есебінен әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді және тағы басқа маңызды жұмыстар атқарылады.