Жеңіс күні қарсаңында Алматыдағы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері, аса көрнекті опера әншісі Бибігүл Төлегенованы құттықтап барды. Олар әншіге гүл шоғы мен аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты. «Сіз таңғажайып ерік-жігер мен өміршеңдіктің жарқын мысалысыз. Сізге зор денсаулық тілейміз», - деп алғыс білдірді.
Аты аңызға айналған әнші Бибігүл Ахметқызы да барша республика жұртшылығын мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй тіледі. «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін майдангерлер мен олардың отбасыларына құрмет пен ыстық ықыласымды білдіремін. Аспанымыз әрдайым ашық болсын», – деді бұлбұл әнші.
Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Құдайға шүкір, қуанып отырмын. Балалар концерт беріп қуанып жүр дегендей. Мені құттықтап отырғанына мың да бір рақмет. Бақытты болыңдар. Табысты, абыройлы болыңдар.Еліміз аман болсын, елімізде тыныштық, іштегі даудан сақтасын.