7 мамыр – Отан қорғаушы күні елімізде дәстүрлі түрде атап өтіледі. Оның тарихына тоқтала кетсек.
1992 жылдың осы күні Қазақстанның ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Ал 2012 жылдан бастап 7 мамыр мемлекеттік мереке болып бекітілді. Біздің ержүрек әскеріміз ұлттық мүдделерді қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық береді. Алғашқы күндерден бастап елімізде құрлықтық, әуе қорғанысы және әскери-теңіз түріндегі әскери басқару органдары қалыптастырылды.
Бұл – тек Қарулы Күштер құрамындағы әскери қызметшілер үшін ғана емес, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үшін де мереке. Осы жылдар ішінде жауынгерлеріміз неғұрлым мобильді, технологиялық жарақтандырылған және бітімгершілік миссияларды орындау бойынша тәжрибе жинады. Түрлі жылдары Ирак, Ливан, Батыс Сахара, Голан биіктіктігі басқа да жерлердегі БҰҰ миссияларының құрамында ел атынан қатысып, тұрақтылықты қамтасмасыз етуге атсалысты.