Батырлар мәңгі жүрегімізде: ел тұрғындарының лебізі

  • 270
  • 07.05.2025, 18:10

Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да бейбіт күннің арқасы. Сондықтан Жеңіс күні  ең қымбатты, мәртебелі күн. Бұл – еліміздің әрбір азаматы үшін ұлы мереке.

БЛИЦ-сауалнама:

- Жеңіс күні барлығымызға осындай жарқын күн, жақсылық сыйлады. Осы бала-шағамыздың өсіп-өніп келе жатқаны сол бұрынғы аталарымыздың арқасы. Мың тағзым оларға! 

- Жеңіс күні – ол атап өтетін күн. Батырларымызды еске аламыз. Мен де батыр болғым келеді. 

- Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаевтардың арқасында жайнап-жақсарып, осылай Астананың ортасында жүрміз ғой. Жарқын күндеріміз көбейе берсін! Аспанымыз ашық болсын!  

- Бірінші кезекте балалардың миына құю керек. Ата-бабасын білмеген бала не болады? Жеңіс күні құтты болсын бәріңізге!

- Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловаларды жақсы көремін. Себебі олар елімізді қорғаған. Қыз болса да ешкімнен қорықпаған. Сондай аға-апаларымыз көп болса екен.

- Осы жеткен күнімізге шүкір деп, халқымызға тыныштық тілейміз! Қазақстанымыз осылай гүлдеп, жайнап, көркейе берсін!