Атырау облысында шегірткеге қарсы күреске ₸350 млн-ға жуық қаржы бөлінді

  • 35
  • 08.05.2025, 18:54

Атырау облысында биыл шегірткеге қарсы күреске 350 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір көктемгі зерттеу жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, шегірткенің дернәсілі мамыр айының соңына қарай оянады. Жалпы биыл өңірде 100 мың гектардан астам аумақ өңделеді.  

Индира Ғұмашева, облыстық аумақтық инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

-Химиялық өңдеу жұмыстары Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарында және Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерінде жүреді. Улау кезеңдері көпжылдық орташа көрсеткіштерге сәйкес шамамен мамыр айының үшінші онкүндігінде басталып, маусым айының аяғына дейін деп жоспарлануда.