Жеңіс күні: Петропавлдықтар ескерткіштер мен зират маңын қоқыстан тазартты

  • 23
  • 08.05.2025, 18:37

Петропавлдықтар соғыс жылдары жергілікті госпитальдарда қайтыс болған жауынгерлерді еске алып, майдангерлер жерленген жабық зиратқа гүл қойды. Жеңіс күні қарсаңында қоғам белсенділері мен еріктілер «Таза Қазақстан» акциясы аясында ескерткіштер мен зират маңын қоқыстан тазартып, айналасын абаттандырды. Сонымен қатар қаза тапқандардың аты-жөні жазылған тақтайшаларды сырлап, ретке келтірді. 

Александр Зель, Amanat партиясы филиалының атқарушы хатшысы:

-Бұл жерде Петропавлдағы госпитальдарда қаза тапқан 200-ден аса адам жерленген. Партия мүшелері мен қоғам белсенділері сәуір айында ескерткіштер мен зират маңын қоқыстан тазалап, сырлап, қалпына келтірді.