Оларды әлеуметтік жағынан қолдау шаралары мемлекет есебінен қаржыландырылады. Ардагерлерге 271 мың теңге, ал тыл еңбеккерлеріне 179 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілді. Сондай-ақ коммуналдық шығынын өтеу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 600 миллион теңге бөлінді. Тұрғын үйлерін жөндеуге 21,5 миллион теңге, дәрі-дәрмекке 48 миллион теңгеден аса қаржы қарастырылған. Сонымен қатар тіс протездеуге 441 миллион 900 мың теңге, азық-түлікке 104 миллионға жуық ақша бөлінді. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін 5 миллион теңге бөлінді. Яғни қоршаудағы Ленинград тұрғындарына бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, соғыста қаза тапқан жауынгерлердің әйелдеріне, тыл еңбеккерлеріне 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақшалай көмек берілді.