Ерлан Қарин Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоғын қойды

  • 71
  • 09.05.2025, 18:31

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыұлттық іс-шаралар аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Жиынға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Биыл еліміз даңқты тұлғаның 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Салтанатты рәсімде Президент тапсырмасына сәйкес, айтулы датаға орай көптеген іс-шара жоспарланғаны мәлім болды. Атап айтқанда, жастар арасында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді. Сондай-ақ қазақтың қайсар қызының өмір жолы мен ерен ерлігін паш ететін деректі фильм түсіріліп, көрмелер мен спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылады.