Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 102 жасқа толды

  • 34
  • 09.05.2025, 18:47

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Ольга Савенко 102 жасқа толды. Осыған орай Қорғаныс министрлігінің әскерилері қарт майдангерді туған күнімен құттықтап, жеңісті жақындатқаны үшін алғыс айтты.  

1923-ші жылы Алматыда дүниеге келген Ольга Савенко 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Оның жауынгерлік жолы бірінші Беларусь майданы құрамындағы 109-шы жеке байланыс полкінде өтті. Ал Жеңісті қарулас достарымен бірге Берлинде қарсы алған. Соғыстан кейін жарты ғасырдан астам уақыт Алматы телеграфында еңбек еткен.