Әділет министрлігі «Цифрлық көмекші» модулін іске қосты

  • 48
  • 09.05.2025, 18:47

Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу саласын цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Енді министрлік сайтының кабинетінде жаңа «Цифрлық көмекші» модулі іске қосылмақ. Мұнда әрбір пайдаланушы мен сот орындаушының  іс-әрекеті туралы толық мәлімет болмақ.

«Цифрлық көмекші» әрбір атқарушылық істі жүргізу үшін оның санатын, қарыз сомасын және басқа да параметрлерін ескере отырып, жеке іс-қимыл жоспарын нақтылап береді. Пайдаланушылар нақты уақыт режимінде сол жоспардың орындалу барысын бақылап, сот орындаушысының әрекетіне көңілі толмаса, сұраныстар мен шағымдарды электронды арна арқылы жібере алады.