Астана халықаралық форумына 50 елден 5 мыңнан астам делегат келеді. Арасында бірқатар мемлекет басшысы, министр, жетекші саясаткер, халықаралық ұйым, корпорация басшысы, инвестор мен ғылыми топ өкілі бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Іс-шара 29 мамырда басталады деп жоспарланған. Форум бағдарламасы қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Сондай-ақ осы жиын аясында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форум өткізілмек.
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы:
- Суға, жердің құнарсыздығына, шөлейттенуге байланысты мемлекеттер бар. Осы салаға инвесторларды көбірек шақырып тартамын және біздің жерімізді экономикалық тұрғыдан дұрыс пайдалануға күш жұмсайтын боламыз. Транспорттық-логистикалық мүмкіндігімізге көбірек көңіл бөлеміз.