Қазақстан – өмір сапасы бойынша Орталық Азияда көшбасшы

  • 51
  • 14.05.2025, 18:49

Си-И-Оу Уолд журналы жариялаған жаңа рейтинг осыны көрсетіп отыр. Ал ТМД елдері арасында елімізден тек Ресей алда.

Халықаралық іскерлік басылым сараптама мақалалары және рейтингтерге маманданған. Оны түрлі елдерде экономика, инвестиция, технология, білім беру мен өмір сапасы салаларында зерттеу өткізіп дайындайды. Жаңа рейтинг 150 мемлекеттегі өмір сапасы мен ұзақтығы, саяси тұрақтылық, жан басына табыс мөлшері мен мүмкіндіктеріне негізделген.

Экономикалық даму, инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер еліміздің аймақтағы жетекші орнын айқындады. Өмір сүру жағдайы жақсарып, заманауи технологиялар мен әлеуметтік инфрақұрылым халық игілігіне қызмет етіп жатыр.