Елімізде сирек металдар бар 11 жаңа учаске табылды

  • 55
  • 14.05.2025, 18:46

Елімізде сирек металдар бар 11 учаске табылды. Егер ондағы қор бойынша болжам расталса, Қазақстан әлемдегі сирек кездесетін элементтердің ең ірі қоры бар 10 елдің қатарына кіреді. Бұл астанада өтіп жатқан III халықаралық тау-кен конгресінде мәлім болды. Жиынға Италия, Венгрия, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің тау-кен мамандары қатысуда.

Айта кету керек, табылған сирек металдар ішінде лантанид, теллурид, неодим, литий бар. Олар заманауи жоғары технологиялық индустрияда шешуші рөл атқарады.

Марғұлан Байбатыров, ҚР ӨҚМ, Геология комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазір өндіру жұмыстары қашан басталатынын айту қиын. Өйткені қаржыландыруға байланысты, екіншіден, ол ұзақ уақытты талап еттеді. Барлау жұмыстары бір күндік жұмыс емес. Сосын сирек кездесетін металдардың өзінің ерекшелігі бар. Ерекшелігі – технологясында.