Бүгін Халықаралық отбасы күні! Біріккен Ұлттар ұйымының бастамасымен бекітілген бұл күн әрбір адам үшін маңызды. Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаеваның айтуынша, елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалып келеді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы:
«Барша отбасыға шуақты өмір, мықты денсаулық, жылылық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық мол болсын! Бүгін тағы бір ерекше күн. Дәл осы күні «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталады. Қазақстанның әр өңірінде өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар екеніне сенімдімін. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамын. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз».