Елде ет өнімдерін терең өңдейтін зауыт іске қосылады

  • 46
  • 15.05.2025, 18:39

Елімізде ет өнімдерін терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Абай облысында кешеннің құрылысы басталып та кетті. Зауыт бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Ет комбинаты Австралия мен Еуропаның заманауи технологиясымен жабдықталады. Өндірістік кешен 2026 жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Жоба іске асқанда мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Берік Уәли, Абай облысының әкімі:

-Іргетасын қалап, капсуласын салғалы тұрған ет және ет өнімдерін жан-жақты, терең өңдейтін өндірістік кешен ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің өзара байланысын нығайтатын стратегиялық жоба. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады.