Шымкентте 5 адамды қарақұрт шаққан. Тағы 3 жасөспірім белгісіз улы зиянкестен зардап шегіп, медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастардың жағдайы тұрақты, бақылауға алынған. Ал түнде түскен 9 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандар аула мен үй айналасын тазартып, табиғат аясына шыққанда аса мұқият болу керектігін ескертеті. Былтыр жаз мезгілінде 30 адамды қарақұрт шаққан.