Ақтөбе облысында киіктер төлдей бастады

  • 45
  • 15.05.2025, 18:53

Ақтөбе облысында киіктер төлдей бастады. Құралайдың салқыны жетіп, қорықшылар қауырт жұмысқа кірісті. Мамандар ақбөкеннің жайылымдарын бақылауға алған. Соңғы есеп бойынша облыс аумағында 350 мың киік тіркелген. Құралайы қосылған соң, сайын дала еркесінің саны 500 мыңнан асып жығылады. Жалпы еліміз бойынша 4 млн астам ақбөкен бар. Алайда киік көбейген сайын егістікке төнген қауіп артып, шаруалардан маза кетеді. Биылдың өзінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында мың гектардан астам алқапқа зиян келген. Шаруалар: «Шектен тыс көбейіп кеткен ақбөкенге тосқауыл болар кешенді шара керек», дейді.

Александр Чемоданов, шаруа қожалығының директоры:

-2023 жылы киіктен 80-90 млн теңге шығын келді. Биыл тағы кесірін көріп отырмыз. Мына алқапта ештеңе шықпайды. 50 тонна дән ектік, 6 млн теңгеге жанармай сатып алдық. Бір алқаптың өзіне 7-8 млн теңге жұмсадық. Сондықтан Үкіметтен киік санын реттеуді өтінеміз. 

Қазбек Дадин, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторы:

-Қазір осы аумақта шамамен он мың бастай ақбөкен жүр. Осы маңайға лақтап жатқан болып тұр ғой. Ертең мына лақтары жүгіргеннен кейін орындарын ауыстырады.