«Бір ел – бір мүдде»: М. Әшімбаев Ассамблеяның рөлі туралы айтты

  • 37
  • 16.05.2025, 18:49

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен этносаралық қатынастың ұлттық үлгісін көрсеткен маңызды институтқа айналды.

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кеңейтілген отырысына қатысқан Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Ол «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты инклюзивті мемлекеттік саясаттың негізгі мәні және Ассамблеяның басты ұстанымы екеніне тоқталды. Мәулен Әшімбаев «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобы, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасының негізгі басымдықтарын талқылайтын маңызды алаң бола алатынын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, аталған топ, депутаттардың ерікті бірлестігі ретінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласын заңнамалық қамтамасыз етуді үйлестіру үшін құрылған.