Смағұл Сәдуақасовтың күл салынған қобдишасы музейге тапсырылды

  • 48
  • 16.05.2025, 18:52

Елордада Алаш қайраткері, Қазақ автономиясы ағарту ісінің халық комиссары Смағұл Сәдуақасов сүйегінің күлі салынған гранит қобдиша музей қорына тапсырылды. Ол 1933 жылы жұмбақ жағдайда Кремль ауруханасында қайтыс болған. Денесі өртеліп, күлі арнайы сауытқа салынып, Мәскеудегі Дон зиратында 78 жыл сақталған. Оны елге жеткізу тек 2011 жылдың 21 қаңтарында мүмкін болды.

Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеумен айналысып жүрген жанашыр азаматтардың бастамасымен Смағұл Садуақасов сүйегінің күлі Ақмола облысындағы «Хан Кене» сарбаздары қорымына жерленді. Алаштанушы Диқан Хамзабекұлы алаш тарихын ардақтайтын бүгінгі буынның алдында үлкен парызым орындалды,- деп отыр.

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:

- Біраз уақыт өтті. Енді біз бұны Ұлттық музейге тапсыруды дұрыс көрдік. Себебі Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығы. Аудан халқынан гөрі Қазақстанның 20 миллион халқы көргені маңызды. Бұл гранит қобдиша Алаш зиялыларынан қалған сирек кездесетін белгілерінің бірі. Себебі бұны Әлиханқызы Бөкейханованың қызы жасатқан.