Елордада мамырдың 29-ы мен 30-ы күндері «Астана» халықаралық форумы өтеді.
Алқалы жиынға 5 елдің Мемлекет басшылары, 20 халықаралық ұйым жетекшісі мен 60-тан астам шетелдік компания өкілдері қатысады. Сондай-ақ министрлер, жетекші саясаткерлер, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері келеді деп жоспарлануда. Онда жаһандық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, энергетика, экономика және сыртқы саясат мәселелері талқыға салынады.
Пленарлық сессияға қоса пікірталас алаңдары да ұйымдастырылады. Осы жиын аясында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форум өткізіледі.