«Ұлан» газетіне 95 жыл толды

  • 40
  • 20.05.2025, 18:41

Биыл қазақ балалар баспасөзі үшін ерекше белес. Ұлттың үні мен үмітін арқалаған «Ұлан» газетінің шыққанына 95 жыл. Бір ғасырға жуық уақыттан бері жас буынның жан серігіне айналған басылым бүгінде нағыз рухани шежіреге айналды.

1930 жылы «Пионер» деген атаумен алғаш жарық көрген бұл газет уақыт өте «Ұлан» болып, ұлт ұстанымына айналды. Шығармашыл ұрпақ тәрбиелеген басылым талай бозбаланың арманын ұштап, қарымын қайрады. Қазіргі таңда айына 4 мыңға жуық таралым боп шығатын басылымның төл оқырманы бүгінгі айтулы мерекеде бас қосты.

Жадыра Нармаханова, «Ұлан» газетінің бас редакторы:

- Бүгінгі шарада қазір тарихиымыздағы, архивіміздегі бүкіл суреттердің бәрін шығардық. Архивте байқасаңыздар, 500-ге жуық сурет бар. Бұл «Ұлан» деген газет жалпы қазақ журналистикасының ұстаханасы. Сондықтан кез келген жас оқырман осы газетке жазылуға мүмкіндігі бар. 

Әмина Тұрдахун, «Ұлан» газетінің жас тілшісі:

- Жалпы тарихы терең «Ұлан» газетіне мен өзім 8-сыныптан бастап мақаламды жариялап тұрамын. 2 жыл үзбей мақала жариялауымның арқасында 2024 жылы жас тілші атандым. Осы жас тілші атанғалы бері «Ұланға» аянбай қызмет етудеміз.