Сенат төрағасы Ақтөбеде реформаларды жүзеге асыру барысын талқылады

  • 38
  • 20.05.2025, 18:38

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті. Өңірдегі мәслихат депутаттарымен өткен басқосуда азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін ел Президентінің бастамасымен қолға алынған реформаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар өндіріс орындарын дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Және «Ұлттық қор – балаларға», «Болашақ», «Жастар», «Келешек» сынды мемлекеттік бағдарламалар дарынды жастардың әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік беретіні айтылды.

Сапар барысында сенаторлар мүгедектігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысып, өңірдегі өндіріс орындарының ұжымымен кездесті. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібі мен ауылшаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтарды да айқындап берді. Мұның бәрі әділетті, қауіпсіз, таза, қуатты Қазақстан құру идеясын іске асыру үшін қолға алынған кешенді бастамалар. Президентіміз белгілеп берген осы міндеттерді іске асыру жолында мәслихат депутаттарымен бірлесіп нәтижелі жұмыс істейміз деп сенеміз.