Премьер-министр Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен кездесті.
Тараптар Алматы облысында тұзды тағам өндіретін зауыт салу жайын талқылады. Жаңа зауыт Орталық Азиядағы ең ірі өндірістік нысан болады. Сонымен қатар инвестиция көлемі 2 есе артады. Кәсіпорында 900-ге жуық жұмыс орны ашылады.
2027 жылдың қыркүйегінде зауытты толық іске қосу жоспарланып отыр. Шикізатты жеткізуге қазақстандық фермерлік шаруашылықтар тартылады. Бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарынан шамамен 15 шаруашылық қосылған.