Мобильді құрылғыларды тіркеу ережелеріне өзгеріс енгізіледі

  • 38
  • 20.05.2025, 18:48

Жыл басынан бері 5 млн-ға жуық смартфон сатылған. Бірақ сол сауданың дені көлеңкелі нарықта болған, - дейді мамандар. Сондықтан 25-ші мамырдан бастап елге әкелінетін әр мобильді құрылғы IMEI коды арқылы тіркеуге алынады.

Бұл талап тек жаңа смартфонға қатысты. Халық бұрыннан пайдаланып жүрген телефонын еш уайымсыз қолдана береді. Оларға тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Жаңарған ереже смартфон жеткізушілері мен ресми сервистік орталықтарға арналған. Олар құрылғыны арнайы порталда немесе egov қосымшасы арқылы сәйкестендіруге тиіс. Осылайша жаңа сатып алынған смартфонның елімізге қалай келгені және оның ұрланған не ұрланбағанын анықтауға болады.

Азамат Серіктаев, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің басқарма басшысы: 

- Телефонды сатып алмас бұрын әрбір азамат магазинде болсын, қай жерде болсын сатушыдан ол телефонның  IMEI кодын сұрауға құқы бар. Яғни телефонның IMEI кодын телефонды ашып емес, коробканың сыртынан да қарауға болады. IMEI.kz сайтына кіріп, осы мобильді құрылғының IMEI кодын жазу арқылы сіз құрылғы туралы ақпарат ала аласыз.