Мемлекет басшысы Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті

  • 31
  • 21.05.2025, 18:45

Мемлекет басшысы Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Әңгімелесу барысында екіжақты байланыстардың басым бағыты сауда экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа мән берілді. Былтыр Мажарстанмен арадағы тауар айналымы 200 млн долларға жетсе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ол 37 пайызға өскен. Мажар елінен Қазақстан экономикасына 370 млн доллардан астам инвестиция салынып, қазіргі уақытта жалпы құны 700 млн долларға жететін 16 бірлескен инвестициялық жоба іске асып жатыр.  Кездесу барысында былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың, оның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алысты.