Маңғыстау облысында өзіне сеніп тапсырылған қаражатты заңсыз иемденіп, мемлекетке салық төлеуден жалтарған мекеме басшысы 10 жылға сотталды. Ол мұнай компаниясы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бөлінген 1,5 млрд теңгені жымқырған. Бұл қаржыны өзге кәсіпорындар арқылы шығарып, ақшаның бір бөлігін балаларының оқу ақысын төлеуге жұмсаған. Сондай-ақ әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемегені анықталды. Сот шешіміне сәйкес, күдіктіден 321 млн теңге өндіріледі және 10 жыл бойы мұнай саласында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.