Маңғыстау облысында қаржы пирамидасын құрған 7 адам ұсталды. Тағы 3 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері салымшыларға өзін инвестициялық қордың иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіретін халықаралық жобаға қатысушысы ретінде таныстырған. Осылайша бір мыңнан астам адамды алдап, 9 млрд теңге заңсыз пайда тапқан. Алаяқтар бұл қаражатқа қымбат пәтерлер сатып алып, шетелде демалғаны анықталды. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Оның ішінде 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ «ForteBank» пен Қазақстан Халық Банкіндегі бағалы қағаздар бар. Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды. Олардың жетеуіне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.