Атырауда балық қырылып жатыр

  • 42
  • 21.05.2025, 18:55

Атырау облысында тағы да балық қырылып жатыр. Былтырғы тасқын кезінде Махамбет ауданындағы «Сарыөзек» каналы маңындағы жайылмаға мол су бөлінген. Ұзақ уақыт жатқан су шіріп, балық шабақтары қырылып қалды. «Жайық-Каспий» балық шаруашылығы инспекциясының мамандары оларға оттегі жетпегенін анықтаған. Өлген балық жойылады, ал тірі қалғаны Жайық өзеніне жіберіледі.