Алматыда 3 жасар балаға аса күрделі операция жасалды

  • 44
  • 21.05.2025, 18:56

Алматыдағы республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 3 жасар балаға аса күрделі операция сәтті жасалды. Кішкентай Нұрислам Қожамұрат соқырішектен кейін ауруы асқынып, жағдайы нашарлаған соң осы орталыққа түскен. Балаға алғаш рет бір жасында жергілікті ауруханада шұғыл ота жасалған екен. Содан бері денсаулығы түзелмеген. Ғылыми орталық хирургтері 4,5 сағатқа созылған операция барысында бірнеше ішек жыланкөзін жойып, ішек жолдарын қалпына келтірді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Жақында ауруханадан шығарылады. 

Шалқар Қасенов, дәрігер-хирург:

- Бұл балада аппендицит перитонитпен асқынған болатын. Баланы жоспарлы түрде операцияға алдық. Операция үстінде өте ауыр жағдай болды. Ішектің жыланкөздері, үш жыланкөз болды. Еюнастоманы жойдық. Көп қан жоғалтты.

Гүзел Құдайбергенова, Нұрислам Қожамұраттың анасы:

- Бізде аппендицит болған, отадан кейін осындай «осложнение» болып кетіпті. Біз білмедік, иә, ол кезде 1 жас үш ай болған. Қазір жағдайымыз жақсы. Операция ауыр болды.