Биыл көрнекті қоғам қайраткері Рымғали Нұрғалидың туғанына 85 жыл толды

  • 40
  • 21.05.2025, 19:05

Биыл көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, академик Рымғали Нұрғалидың туғанына  - 85 жыл. Осыған орай елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғалымның шәкірттері де қатысты. Татарстан, Түркия, Польша мен Өзбекстан елдерінің жетекші ғалымдары арнайы келіп, баяндама жасады. Олар Рымғали Нұрғалидің қазақ әдебиеті мен мәдениетін өрге сүйреген Алаш зиялыларының еңбегін талдағанын атап өтті. Үлкен ізденіс нәтижесінде «Алтын ғасыр» атты монографиялық еңбегін жазғанын айтты. Академиктің көзі тірісінде 10 томдық таңдамалы шығарма жинағы жарық көрген.

Серікзат Дүйсенғазы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің деканы:

- 2000 жылдары Астана қаласына ауысып, жаңа мектеп қалыптастырды. Қазақ әдебиеттану үлкен мектебін қалыптастырды. Қазіргі таңда шәкірттерінің өзі үлкен қауымға айналды. Рымғали Нұрғалидың басқа да салада жасаған еңбектері көп. Ол кісі әдебиет танудың барлық саласына араласты. Әсіресе әдебиет теориясына, драма өнері деген еңбек жазды.