Елдің шығысында VetPro-2025 республикалық сайысы өтіп жатыр. Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Абай, Ақмола облысының студенттері осы уақытқа дейін алған білімдерін ортаға салды. Бруцеллёз жайлы зерттеуімен бөлісіп, ветеринарлық мониторинг жүргізу жолдарын жария етті. Әрі малға екпе салу әдістері туралы тың ақпарат алды. Жұмысшы мамандықтар жылына орайластарылған жарыс студенттер үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды.
Гүлнәз Ілгекбаева, Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор:
- Балалардың барлығы бес минутсыз мамандар. Ветеринар техник дейді ғой, ауылдық жерлерге ветерания саласындағы барлық алдын алу шараларын жүргізетін осы мамандар. Бұларды міне, дайын мамандар деп есептеуге болады.
Қабыл Қожамұрат, 2-курс студенті:
- Көптеген облыстардан келгеен адамдармен тәжірибе алмасатын болып жатырмыз. Сайыс болғаннан кейін енді білмейтін жерлеріміз болады. Әр облыс үміт артып жібергеннен кейін барынша дайындықпен келдік.