Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалып жатыр

  • 95
  • 22.05.2025, 18:37

Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында  екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүзеге асып отыр. Талас ауданына 256,7 млн теңге бөлінсе, Қордай ауданындағы құрылыс жұмыстарына 62,8 млн теңге қарастырылған. Әр дәрігерлік  амбулатория тәуілігіне  45 науқасты қабылдайтын болады. Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. 

Қаржыландыру:

Жалпы - 319,5 млн теңге

Талас ауданы:  256,7 млн теңге

Тәуілігіне - 45 науқас

Қордай ауданы:  62,8 млн теңге

Тәуілігіне - 45 науқас