Таразда жарты млрд теңге жымқырған шенеунік сотталды

  • 56
  • 22.05.2025, 18:38

Тараз қаласы Құрылыс бөлімінің басшысы Қалдыбаев бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылып, 4 жылға сотталды. Сондай-ақ сот үкімімен мердігерлік ұйымдардың өкілі Ерболатұлын 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйлердің құрылысына қазынадан бөлінген ақшаны қолды еткен. Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Мемлекетке келтірілген шығын - 519 млн теңгеден асады. 

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Бұдан бөлек, сотталған Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.