Шерзат ісі: 60 том материал жинақталған

  • 29
  • 22.05.2025, 18:48

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысында дәлелдемелер зерделене бастады. Атышулы іске байланысты 30 шақты бейнежазба түсіріліп, 62 томдық материал жинақталған. Мемлекеттік айыптаушылар іс құжаттарындағы хаттамалардың біразын оқып шықты. Жәбірленушілер мен сотталушыларды және куәгерлерді беттестіру кезіндегі бейнежазба ұсынылды. Мәселен, куәгер Дана Жақсыгелді қайғылы жағдайдан соң, мылтықты Шыңғыс Белғожаевтың көліктен алып түсіп, кейін қарусыз оралғанын айтты. Ал Қаржаубай Нұрымовтың қолына ұстаған пышағы айғақ ретінде тіркелген. Айыпталушының адвокаты Гаухар Баймұханова Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиеваның берген жауаптарында қарама-қайшылық барын айтып, сотқа шақыртуды сұрады. Сот процесі ертең де жалғасады.