Ақтөбеде балық қырылып жатыр. Облыс орталығын кесіп өтетін Елек өзенінде тұқы, мөңке, сазан мен ақтабан балығы қалқып жүр. «Тобыл-Торғай» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекторлары су қоймасын тазартып, балық өлексесін жинауға кіріскен. Сонымен қатар судан сынама алды.
Әділбек Сұлтанов, Балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:- Қазіргі таңда секундына 25 мың кубпен ағын ағып жатыр. Судың қатты жіберілуінен, яғни жоғары жылдамдықпен балықтар бөгеттің астындағы бетонға соғылып, алған дене жарақаттарынан қырылып жатыр деген болжам бар. Балықты визуалды қарау кезінде сыртқы дене жарақаттары анықталып отыр. Бірақ нақты қорытынды зертханалық зерттеулердің қорытындысын алғаннан кейін белгілі болады.