Кіші Арал теңізінде 1 мамыр - 10 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынған. Арал аудандық балық инспекциясы төрт топқа бөлініп, тәулік бойы теңізді бақылауға алды. Уылдырық шашу кезеңі басталғалы бір әкімшілік құқықбұзу дерегі тіркеліп, сотқа жолданған. Жыл басынан бері заңсыз балық аулауға қатысты 60 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, бір қылмыстық іс тіркелген.