Алматыда жазғы лагерьлерді ұйымдастыратын компаниялар әлі анықталмай отыр. Тендерге қатысуға 5 компания өтініш білдірген. Алайда ешқайсысы техникалық талапқа сай болмай шыққан. Нәтижесінде бір де бір мекеме жеңімпаз деп танылған жоқ. Бұл мәселе бүгін қоғамдық кеңесте қаралды. Мониторинг топтары демалыс орындарына тексеріс жүргізіп, ұсынысын жауапты басқармаға жолдайды. Ал басқарма өкілдері болса барлық оқушы жаз бойы демалыспен толық қамтылады деп сендірді. Жергілікті әкімдік 280 мыңнан астам баланы тегін лагерьге жіберуді жоспарлап отыр.
Мұхтар Тәжібаев, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Қоғамдық кеңеспен, депутаттармен бірігіп сол мәселенің шешілу жолын іздестірдік. Атап өткендей, 150 шақырым жерде 12 лагерь бар. Олар Алматы облысында орналасқан. Солардың ішінде негізгі талапқа жататыны бар. Бірақ әр жағдаймен «СЭС заключениесін» ала алмай қалған. Сол себептен бір аптадай уақыт бар. Барлығын орнына келтіреміз.