Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды. Ол Э.Мұрадов пен Т.Телеуовке көмектескен. Олар қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына тәркіленген 200 мың доллар пара беріп, жойылуға жататын темекі өнімін заңсыз бергені үшін тиісінше 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал С.Үкімбаев 3 жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Дегенмен сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.