Samruk-Kazyna Construction-ның басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысына қатысты тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Олар 3 жыл бұрын инвестиция үшін құрылысқа 2,6 млрд теңге көлемінде ақша аударып, жобаны белгіленген мерзімде аяқтамаған. Ал 650 млн теңгені жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударған. Қылмыстық жолмен тағы 23 млн теңге тұратын екі автокөлікті тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.
Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Олар «Көк-Төбе» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.