Алматыдағы автобус апаты: 4 адам жарақат алды

  • 30
  • 23.05.2025, 18:50

Алматыда жеңіл көлік пен қоғамдық автобустың соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті. Оқиға түнде болған. Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен кері айналмақ болғанда қарсы бағыттағы жеңіл көлікке соғылған. Қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше жараланған 4 адамның бірі тексеруден соң амбулаторлық емге жіберілген. Екінші адам анестезиология және реанимация бөлімінде жатыр. Бұған қоса 17 жастағы жасөспірімнің ортан жілігі сынған. Ол балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жатыр. Тағы бірі көпбейінді клиникалық ауруханаға жатқызылыпты. Полиция тергеу амалдарын жүргізуде.

Салтанат Әзірбек, Қалалық ПД ресми өкілі:
- Жеңіл көліктің ішінде отырған жүргізуші және оның үш жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда Түрксіб аудандық полиция басқармасы осы деректі тергеуге алды. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сосын басқа да мән-жайы анықталуда.