Түркістан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

  • 36
  • 23.05.2025, 19:00

Бүгін елімізде оқу жылы қорытындыланды. Барлық мектептерде бір мезгілде «Білімім – Отанымa» бірыңғай сынып сағаты өтті. Республика бойынша 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасты. Соның 33 884-і Түркістан облысында. Айта кету керек, Түркістан қаласында тоғыз «Жайлы мектеп» бар. Онда 8 мыңға жуық оқушы білім алады. Жалпы Түркістан облысы бойынша 29 «Жайлы мектеп» салу жоспарланған. Соның 13-і пайдалануға берілді. Қалғанының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Айгүл Қасымбекова, облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Түркістан облысында 2026-2027 жылдарға 53 мектептің құрылысын жоспарлап отырмыз. Одан бөлек 115 мектеп жаңғырту бағдарламасына енгізілген. Жалпы 2 үшауысымды мектеп бар. Біздің облыста «Жайлық мектептердің» құрылысы арқылы 16 мыңнан астам орын тапшылығы мәселесі шешілуде.