Талдықорғанда жер сілкінді

  • 36
  • 23.05.2025, 19:10

«Сейсмологиялык зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісімен бүгін Жетісу облысында сағат 16:01-де  2-4 балл аралығында жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Осыған байланысты Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.