1 шілдеден бастап елордада жылу беру қызметі «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ға өтеді. Бүгін осы мәселеге орай қоғамдық тыңдау өтті. Мамандар жылу энергиясын тұтыну лимиті жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінетінін жеткізді. 1-кіші топқа жылытылатын ауданы 100 шаршы метрге дейінгі, 2-кіші топқа жылытылатын ауданы 100-ден астам және 200 шаршы метрге дейінгі, 3-кіші топқа жылытылатын ауданы 200 шаршы метрден астам жеке адамдар кіреді. «Астана-Теплотранзит» АҚ мәліметінше, 1-кіші топ үшін тариф ең төменгі деңгейде, 2-кіші топ үшін оның деңгейі 10 пайыз жоғары болса, ал 3-кіші топ орташа өткізу тарифінде ең жоғары деңгейде төлейді.
Мағжан Қуанышбек, ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
-«АстанаТеплотранзит» үшін бұл жаңа қызмет. Сол себепті де ол оңайтылған тәртіппен 1 жылға бекітіледі. Департамент оны кейінгі өтінімдерге байланысты қарастыратын боламыз.