Шымкентте 9 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

  • 132
  • 26.05.2025, 18:45

Өңірде тоғыз бірдей компанияның тиісті заң талаптарын өрескел бұзғандығы анықталды. Мемлекеттік органдардың кепілдігінсіз көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын бастаған. Нұсқаулық бойынша тұрғын үй операторы немесе әкімдіктің арнайы рұқсатын алулары керек еді. Енді бұл компанияларға жалпы сомасы 14 миллион 155 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал осы компанияларға пәтер алу үшін ақшасын салып, бұған дейін «салымшы» атанғандар екіжақты келісімшарттарды тексергендері дұрыс.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл кісілер ҚР заңнамасына өз жұмыстарын сәйкестендіруі керек. Біздің тұрғындарымыз осы компанияларға, мына аты аталған тұрғын үйлерге үлескер ретінде кірердің алдында мықтап ойлануы керек. Ертеңгі күні сан соғып, қапы қалып қоймайтындай жағдайды ойластыру керек.