Қызылорда облысында шегіртке жылдағыдан 13 күн ерте бой көрсетті. Зиянкестер Арал ауданының, Қарақұм ауылының маңын қаптады. Мамандар аудан бойынша 21 мың гектардан астам, ал облыс бойынша 60 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделетінін айтады. Бұл жұмыстарға жер агрегаты, жеңіл әуе көліктері, ұшақпен қатар, биыл бірінші рет дрон құрылғылары пайдаланылып жатыр. Мамандар «өңделетін аумақтарға алдын ала мониторинг жүргізіп, қажетті мәліметтер жинақталды» деп отыр.
Мұхтар Оразбаев, аумақтық инспекция басшысы:
-Біздің Қызылорда облысы бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстарына италиялық пруске қарсы 2 әуе көлігі дельтаплан бегітілген, 4 жер агрегаты. Одан бөлек азиялық шегірткеге 1 ұшақ, 4 жер агрегаты бегітіліп отыр.